Доллар қымбаттады, билет ше? Әуекомпаниялардың болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Украинадағы оқиғаларға байланысты теңгенің долларға қатысты бағамы күрт төмендеді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі қазақстандықтарға ұшақ билеті құнының артуын күту керек пе, жоқ па - соны анықтауға тырысты.


Иконка комментария блок соц сети

Украинадағы оқиғаларға байланысты теңгенің долларға қатысты бағамы күрт төмендеді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі қазақстандықтарға ұшақ билеті құнының артуын күту керек пе, жоқ па - соны анықтауға тырысты.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы бүгінде бағаның өсуі әлі қарастырылмағанын мәлімдеді. Алайда компания билеттің бағасына доллар бағамы әсер ететінін атап өтті.

"Халықаралық бағыттар бойынша әуе билеттерін сату кезінде тарифке қосымша алынатын шетелдік әуежайлардың жолаушылар алымдары шетел валютасында белгіленген. Қазақстан аумағында сату теңгемен жүргізіледі. Сондықтан доллар бағамының өсуі халықаралық бағыттар бойынша билеттің құнына әсер етеді", - деп нақтылады компаниядағылар.

SCAT компаниясындағылар Украинаға рейстер орындамайтынын атап өтті. Ресейге тек Мәскеуге рейсі бар.

"Ұшу құны көптеген фактордан құралады. Ол авиациялық отын, аэронавигациялық қызмет көрсету, әуежай қызметтеріне арналған шығыстар, қосалқы бөлшектерге арналған шығыстар және Қазақстанға жеткізуге арналған логистикалық шығыстар, лизингтік төлемдер және басқаларын қоса алғанда, амортизациялық шығыстарды қамтиды. Бұл төлемдердің көп бөлігі шетел валютасында жасалады.

Қазір бағамның қаншалықты өзгеретінін білмейміз, бірақ валюта бағамдарының кез келген өзгерістері тасымалдаушылардың шығысын ұлғайтатынын және соның салдарынан билет құнының өзгеруіне әсер етуі мүмкін екенін түсіну қажет", - деп хабарлады SCAT.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная