Экологиялық мәдениетті дамытуға 17 мың қазақстандық атсалысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде табиғатты қорғау, таза ұстау бағытында көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Көптеген белсенділер Жер ананы ластамауға шақырып, үндеу тастап жүргенін әлеуметтік желіден көріп те жүрміз. Табиғат аясында демалыс өткізген әрбір адам өзінен кейін қоқыс қалмауын қамтамасыз ету керек. Өйткені қайтып келер жеріңіз қоқысқа толы болса, онда демалу мүмкін болмасы анық. Kaz.tengritravel.kz порталы елімізде эко-белсенділік қалай дамып жатқаны туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде табиғатты қорғау, таза ұстау бағытында көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Көптеген белсенділер Жер ананы ластамауға шақырып, үндеу тастап жүргенін әлеуметтік желіден көріп те жүрміз. Табиғат аясында демалыс өткізген әрбір адам өзінен кейін қоқыс қалмауын қамтамасыз ету керек. Өйткені қайтып келер жеріңіз қоқысқа толы болса, онда демалу мүмкін болмасы анық. Kaz.tengritravel.kz порталы елімізде эко-белсенділік қалай дамып жатқаны туралы баяндайды.

"Қызылорда облыстық "ЖАС ҰЛАН" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" қоғамдық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен" бірлесіп Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауды үйрету бойынша "BIRGEMIZ: TAZA ÁLEM" жалпыұлттық жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты - қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікке бағытталған экологиялық қозғалыстармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

2021 жылдың 8-10 қазан аралығында Жамбыл облысының "Тауқымыз" емдеу-сауықтыру орталығында "Birgemiz:Taza-Álem" республикалық эко-лагері өткізілген болатын. Эко-лагерге 14 пен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 120-дан аса балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Қатысушылар лагерь барысында "Жаяу жүру туризмінің әдіс-тәсілдері" шеберлік сыныбы, "Экофестиваль", емдеу-сауықтыру орталығында ағаш отырғызу, "Тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа өмір сыйла" байқауы, экологиялық тренингтер, "Фотоохота" жарысы, қатысушылар арасында "Игра в кальмара" сериалы бойынша квест, эко-тауарлар аукционы, командалық жарыстар және Тараз қаласының көрнекті жерлеріне экскурсияға қатысты.

Сонымен қатар экология туралы тегін экологиялық білім беру тренингтері бүкіл Қазақстан бойынша өткізілді. Экологиялық этика мен мәдениетті қалыптастыру бойынша онлайн бейне курстар әзірленді. Бейне курстар орналастырылған сайттар мен әлеуметтік желілерде арнайы тестілеуге сілтемелер  орналастырылды. Тестілеуден барлығы 4000 адам өтіп, экологиялық сауаттылықтарын арттырды.

Жоба аясында "Жүгір және тазала" республикалық, облыстық, аудандық плогингтер сериясы өткізілді. Республика бойынша 700-ден аса адам аталмыш іс-шараға қатысты.

Сондай-ақ Жобаның еріктілері арасындағы экология бағытындағы білім деңгейін тексеру мақсатында республика деңгейінде "Не? Қайда? Қашан?" атты экологиялық турнирі өткізілді. Турнир жалпы саны 250 аса қатысушыны қамтыды. Республикалық турнирге еліміздің 12 өңірінен 12 қатысушы қатысып, 4 жеңімпаз анықталды.

Жоба амбассадоры болып экоблогер, өзінің өмір сүру салты арқылы экологиялық ізді азайту бойынша білім беруді белсенді жүргізіп жүрген экотренер Михаил Беляков тағайындалды. Ол жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, жобаның іске асуына біршама үлесін қосты.

2019 жылы "Жас Ұлан" ұйымымен дайындалған "Eco Alem" (экологиялық) үстел ойыны бойынша 17 өңірде чемпионат өткізілді. Чемпионатқа барлығы 500-ден аса адам қатысты.

Республика бойынша 1000-нан аса адамның қатысуымен "Өз ағашынды отырғыз" акциясы өтті. Одан бөлек, 17 "Дармарка" іс-шарасы өтті.

2021 жылдың 1-21 қараша аралығында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі базасында "Миссия Добро" халықаралық бағдарламасы шеңберінде алғашқы гуманитарлық миссия өткізілді. Бағдарламаны ұйымдастырушылар - "Россотрудничество" еріктілер орталығының қауымдастығы және АКЕҰ "Русская гуманитарная миссия" Миссияның мақсаты - екі елдің эко-еріктілер өкілдері арасында тәжірибе алмасу болатын. Миссияны іске асыруға Ресей Федерациясынан 4 үздік ерікті жолдама жеңіп алған. Еріктілер Қазақстанның үздік экологиялық тәжірибелерімен танысты - ерекше қорғалатын табиғи аумақ және иттер мен мысықтарға арналған мекеме қызметкерлеріне көмек көрсетуде, күн коллекторларын жинау жобасына қатысуда, оқушылар үшін экологиялық сабақтар өткізуде және т.б.

Экология тақырыбында республикалық бейнероликтер байқауы өткізілді. Республика бойынша "Батарейка тапсыр да, ресурстарды үнемде", "Таза ғаламшар" қақпақтар жинау күні, "Макулатура жинаймыз - орманды сақтаймыз" акциялары өткізілді. Акцияға 17 өңірден 5000 адам қатысты.

Жалпы жоба бойынша 17 мың қазақстандық экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, өзендер мен ормандарды тазартуға, ағаштар отырғызуға тартылды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная