Елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы ауысты Сурет ААК баспасөз қызметінен

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азаматтық авиация баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Ерғазы Жолдасов өндірістік бөлім бойынша басшының орынбасары қызметін атқарған.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы бұйрығымен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды", - делінген ААК хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жылы 30 қыркүйекте Астана әуежайының Басқарма төрағасы қызметіне Дәулет Хамзин тағайындалған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;