Embraer Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Иса Таженбаев, Ерлан Джумаев, Экспедиция +362 / Tengrinews.kz Фото: Иса Таженбаев, Ерлан Джумаев, Экспедиция +362 / Tengrinews.kz

25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақты өндіруші бразилиялық Embraer авиаконгломераты апаттан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақты өндіруші бразилиялық Embraer авиаконгломераты апаттан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәлімдеме Embraer ресми сайтында жарияланды.

Компания мәліметі бойынша, олар Embraer 190 ұшағы ұшыраған апат оқиғасына "қайғырып" отырғандарын жеткізген.

"Осы оқиға қатысты болған отбасыларға, достарға, әріптестерге және жақындарға көңіліміз шынайы және шын жүректен көңіл айтамыз. Біз жағдаймен мұқият танысып, тиісті органдарды толық қолдауға дайынбыз", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная