Енді әскерилер мен олардың отбасы мүшелері пойызбен тегін жол жүре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін жол жүре алады. Бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілі Айнұр Базарбаеваның айтуынша, жеңілдік тек Қазақстан ішіндегі пойыз бағыттарына қолданылады, ал шығындар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы есебінен өтеледі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар жиын барысында жеңілдікті пайдалану кезінде туындауы мүмкін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер де қаралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная