Фотограф Жоңғар Алатауының таңғажайып пейзажын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@instagram.com/dots_foto @instagram.com/dots_foto

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Жоңғар Алатауы тауларында түсірген кереметтей суреттер жариялады. Онда автор күз мезгілінің көріністерін түсірген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Жоңғар Алатауы тауларында түсірген кереметтей суреттер жариялады. Онда автор күз мезгілінің көріністерін түсірген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Фотограф табиғат құрастырған қарама-қайшылықты түсірген: мәңгі жасыл шыршалар фонында сарғайған жапырақтар және көгілдір реңк беретін мөлдір таза тау өзенінің көрінісі әсер қалдырары сөзсіз.

"Суретте - алып Қора шатқалы бейнеленген, оның төменгі жағында Қора өзені ағып жатыр. Мұнда Қазақстандағы ең биік сарқырама - Бұрхан Бұлақ та бар. Шатқал аумағы таңғалдырады - шамамен 100 шақырым, тереңдігі - 1000 метр және ені - 5-7 шақырым", - дейді фотограф.

Оның айтуынша, бұл маңайда адам көп емес, өйткені алыс әрі жету қиынырақ.

"Сонысымен де шатқалда фототехникамен жүру қызығырақ болды. Сонымен қатар күзде келіп жетті. Ағаштар сарғайып, өзен су мөлдіреп, ал ауа салқын бола бастаған. Күздің алғашқы көрінісін түсіріп, сіздермен бөлісіп отырмын", - деп жазды автор.

Дмитридің айтуынша, суреттер "фильтрсіз" жарияланған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная