Франция вакцина алмаған қазақстандық туристердің келуіне жол ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Франция қазақстандық туристердің келуін жеңілдетті. 2022 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан "жасыл" елдердің қатарына кіреді. Яғни вирустың болмашы немесе орташа айналымы бар, санитарлық көрсеткіштер бойынша қауіп тудыратын қандай да бір жаңа нұсқалар жоқ елдердің тізіміне қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстандағы Франция елшілігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Франция қазақстандық туристердің келуін жеңілдетті. 2022 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан "жасыл" елдердің қатарына кіреді. Яғни вирустың болмашы немесе орташа айналымы бар, санитарлық көрсеткіштер бойынша қауіп тудыратын қандай да бір жаңа нұсқалар жоқ елдердің тізіміне қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстандағы Франция елшілігіне сілтеме жасап.

Елшілік сайтында Қазақстаннан саяхатшылар үшін кірудің екі жолы жазылған:

Еуропалық ережелерге сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алған ересектер мен 12 жастан асқан балалар Францияға ПТР-тест тапсырмай, вакцина паспортымен кіре алады. Вакциналау курсы мына жағдайларда толық деп саналады:

• Janssen вакцинасының бір дозасын алғаннан соң 28 күннен кейін;
• Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындаған (Pfizer/Comirnaty, Moderna, AstraZeneca/Vaxzevria/Covishield) басқа вакциналардың екінші дозасын алғаннан соң 7 күннен кейін;
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген, бірақ Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындамаған вакцинаның барлық қажетті дозасын алған адамдар үшін Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындаған РНҚ хабаршысы бар вакцинасының қосымша дозасын алғаннан соң 7 күннен кейін.

Ревакцинацияны (мРНҚ вакцинасы) соңғы қажетті дозадан кейін 9 айдан кешіктірмей алу керек.

Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік және ДДСҰ танымаған препараттармен вакцина алған немесе вакцина алмаған қазақстандықтар жөнелтуге дейін 72 сағаттан аз уақыт бұрын жасалған ПТР-тестің немесе 48 сағаттан аз уақыт бұрын жасалған антигендік тестің теріс нәтижесін (ауысып отыру жағдайында бірінші рейстің ұшуы) ұсынуы қажет. Сондай-ақ, Францияға ауруды жұқтырып, жазылғаны туралы сертификат арқылы кіруге болады (он бір күннен астам және алты айдан аз уақыт бұрын жүргізілген ПТР немесе антигендік сынақтың оң нәтижесі).

Барлық құжат көлік компаниясына және шекаралық бақылау органдарына ұсынылады.

12 жасқа дейінгі балалар вакцина деректерін немесе ПТР-тест нәтижелерін ұсынудан босатылады.

"Метрополияға келгеннен кейін ешқандай шаралар (тест, оқшаулау) қолданылмайды", - делінген Францияның Қазақстандағы елшілігінің сайтында.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная