"Жағажайда Жаңа жыл". Қазақстандықтар үшін 6 үздік ел аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мальдив Республикасы, фото ©Shutterstock Мальдив Республикасы, фото ©Shutterstock

Жаңа жылды экзотикалық елде атап өту - көптеген адамның арманы. Біреу толық релаксацияны қалайды, біреу қысқа мерзімде ең көп әсер алудың жолын іздейді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі мен Aviata.kz Қазақстан туристеріне қолжетімді, жайлы жағажай демалысы бар алты ел туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа жылды экзотикалық елде атап өту - көптеген адамның арманы. Біреу толық релаксацияны қалайды, біреу қысқа мерзімде ең көп әсер алудың жолын іздейді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі мен Aviata.kz Қазақстан туристеріне қолжетімді, жайлы жағажай демалысы бар алты ел туралы баяндайды.

Шри-Ланка

Шри-Ланка Жаңа жылды қарсы алудың тамаша мүмкіндігі болуы мүмкін. Желтоқсанда Коломбо айтарлықтай өзгереді. Қонақтарға жаңажылдық бағдарламаны қонақүйлер мен мейрамханалар ұсынады.

Негомбо, Шри-Ланка, фото©Shutterstock 

Желтоқсаннан бастап "Эйр Астана" сейсенбі және жұма күндері Алматы - Коломбо тұрақты рейстерін орындайтын болады.

Гоа (Үндістан)

Желтоқсанның соңғы аптасында Гоада Sunburn заманауи музыка фестивалі өтеді. Жағажайлар ашық аспан астындағы би алаңына айналады. Мұнда түрлі конкурстық бағдарлама, шоулар мен кештер өткізіледі. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні де шулы болады. Туристер жаңа жылды клубта, барда немесе мейрамханада атап өте алады.

1-8 қаңтар аралығында Гоа тұрғындары Мандрем жағажайында йога фестивалін өткізеді, ал Гоаның барлық көшесі мен жағажайында open-air-party өтеді.

Бага, Гоа,фото©Shutterstock  

Қазақстан Үндістанмен әуе қатынасын 15 қарашадан бастап қайта бастайды. "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша аптасына үш рейстің жиілігімен бастауды жоспарлап отыр. 9 желтоқсаннан бастап Sunday Airlines әр бейсенбі сайын Алматы - Гоа рейстерін орындайды.

Таиланд

Жаңажылдық мерекелерге жақындағанда Таиландтағы жаңбырлы маусым артта қалды. Ауа райы 26-29 градусқа дейін, ал судың температурасы 24-26 градусқа дейін қызады. Бұл - әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристердің келуінің басты себебі.

Пхукет, фото©Shutterstock  

Қазір Алматыдан Пхукетке тікелей рейстер бар. Бірақ ұшақ билеттерін турпакеттердің бір бөлігі ретінде сатып алу тиімдірек.

Занзибар (Танзания)

Туристер ең көп баратын африкалық елдердің бірі - Танзания. Қазір қазақстандық саяхатшылардың Занзибарға туристік жолдамамен баруына мүмкіндік бар.

Занзибар, фото©Shutterstock

Рейстер қазір Киев арқылы жүзеге асырылады. Билеттерді туристік пакетпен бірге сатып алу тиімдірек.

Доминикана

Жаңа жылды Кариб аралдарында да қарсы алуға болады. Доминикан Республикасы тағы да қазақстандық туристерге қолжетімді болды. Желтоқсан демалу үшін өте қолайлы ай болып саналады. Бұдан былай қатты жылу мен толқулар болмайды, күн сәулесі мен шомылу өте жағымды болады. Ауа температурасы шамамен 27 градус, ал су 26 градусқа дейін қызады.

Доминикан Республикасы, фото©Shutterstock  

Доминиканда демалғысы келетін Қазақстан туристеріне турпакет сатып алған тиімдірек. Оның құнына қонақүйде тұру, тамақтану (әдетте), сақтандыру, трансфер және Мәскеуден ұшып кету және қайту билеттер кіреді. Нұр-Сұлтан / Алматыдан Мәскеуге ұшатын рейске билеттерді және ПТР-тесті өткізуді қосымша төлеу қажет.

Мальдив

Қыс айлары – Мальдив аралдарында демалу үшін ең қолайлы уақыт. Бұл уақытта ол жақ қатты ыстық емес және жаңбыр жаумайды. Күн ашық болады. Ауа температурасы 30 градусқа жетеді, су 26-27 градусқа дейін қызады.

Мальдив Республикасы, фото©Shutterstock   

4 қазаннан бастап "Эйр Астана" аптасына төрт рет Алматы - Мала тікелей рейстерін орындайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная