Жамбыл облысында малшы қар барысын видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жамбыл облысында малшы қар барысын видеоға түсіріп алды. Ерекше кадрлар желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында малшы қар барысын видеоға түсіріп алды. Ерекше кадрлар желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Кадрларды "Мерке" ұлттық паркі Instagram-парақшасында жариялаған. Онда қар барысы тау жотасына баяу көтеріліп бара жатқаны көрінеді.

"Әуесқой түсірілім кезінде сирек кездесетін қар барысы кадрға түсіп қалды", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, видео 6 қарашада түсірілген. Кадрларды Меркі ауданындағы жергілікті тұрғын түсірген, ол мал жаюға шыққан.

Қазақстанда қанша қар барысы бар?

Қазақстанда қар барысын көру үлкен сәттілік және өте сирек кездеседі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәліметінше, елімізде Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыштың шамамен 152-ден 189-ға дейін басы мекендейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная