Жаңа курорт және тағы бір қытайлық қала: қазақстандықтар қайда ұша алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жаңа халықаралық әуе рейстерінің ашылуына қатысты сауалға жауап берді. Оның айтуынша, қазақстандықтар үшін Еуропа мен Азияның жаңа бағыттары қолжетімді бола түспек, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жаңа халықаралық әуе рейстерінің ашылуына қатысты сауалға жауап берді. Оның айтуынша, қазақстандықтар үшін Еуропа мен Азияның жаңа бағыттары қолжетімді бола түспек, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Үкімет отырысында Нұрлан Сауранбаев 2026 жылы тағы 11 халықаралық маршрутты ашу немесе қайта жандандыру жоспарланып отырғанын айтты. Брифингте министрден нақты қай бағыттар туралы сөз болып жатқаны сұралды.

"Бірқатар бағыт ашылып қойды: Ереван, Шанхай. Жақын арада ашылатын тағы төрт рейсіміз бар: Ларнакаға (Кипрдегі курорт - еск.), Гуанчжоуға (Қытай - еск.). Air Astana басшылығының айтуынша, рейстерді жаңадан жолға қойғанда, олар алғашқы күннен бастап тиімді бола бермейді. Ал Шанхайға ашылған рейс алғашқы күннен-ақ жүз пайыз толы болды. Сондықтан Қытай бағыты өте перспективалы екенін көріп отырмыз, ол жаққа рейстерді көбейтеміз. Еуропа бағыттары да дәл солай", - деп жауап берді Нұрлан Сауранбаев.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігі мен Air Astana әуекомпаниясына осы жылдың соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе қатынасын ашуды, ал 2027 жылы Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да қалаларына рейстерді іске қосуды тапсырған болатын.

Көлік министрлігінің басшысы бұл жұмыстың да басымдыққа ие болатынына сендірді. Оның сөзінше, Токиоға тікелей әуе рейстері осы жылдың төртінші тоқсанында, ал АҚШ-қа келесі жылы ашылуы мүмкін.

"Мұның бәрі осындай қашықтықтарға ұша алатын Dreamliner ұшақтарының келуіне байланысты. Алғашқы ұшақтар жыл аяғына қарай келеді. Олар нақ Жапония мен АҚШ бағыттарына қойылады", - деді Сауранбаев.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама