Бурабайда қандай балық түрлерін аулауға уақытша тыйым салынатыны және неге екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Бурабай" ұлттық табиғи паркінің су айдындарында 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап спорттық-әуесқойлық балық аулауға арналған жолдамалар қайта іске асырылады.
Балық аулауға рұқсат етілген көлдер: Бурабай, Кіші Шабақты, Қатарколь және Текекөл.
"Сондай-ақ, ұлттық парктің су айдындарында балықтардың уылдырық шашу маусымының басталуына байланысты және биоәртүрлілікті сақтау мақсатында келесі түрлерге балық аулау тыйым салынады: шортан мен көксерке - 15 сәуірден 15 мамырға дейін; тұқы - 20 мамыр мен 20 маусым аралығында", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл ережені сақтамағандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша 10-100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын заңсыз өндіру) тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да ықтимал.
"Сіздерден су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды және қоқыс қалдықтарын қалдырмауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!