Қазақстандық шоколад еліміздің басты нышандарының біріне айналды. Әрі ол шетелдік қонақтар арасында өте танымал. Дегенмен өзге елден мұндай тәттіні табу оңайға соқпайды. Жақында желіде видео пайда болды. Онда Қазақстанның Австриядағы елшілігіне көмек сұрауға барған жапондықты көруге болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстандық шоколадты табуға тырысқан жапондықтың видеосы бірнеше мың қаралым жинаған. Таратылған видеода жапондық блогер Қазақстанның Венадағы елшілігіне келіп, қазақстандық шоколадты қайдан сатып алуға болатынын сұрайды. Елшілік қызметкерлері жапондықтың әрекетіне қатты таңғалды.
Watch on TikTok
"Сіз қазаққа ұқсайсыз", "Қайда жіберу керек екенін айтыңызшы? Сіздерге қазақстандық шоколад беріп жібереміз", "Қазақ жапон бір туған", "Әдемі жапондық екен", "Қазақстанға келіңіздер", "Венада Қазақстан елшілігінің осындай үлкен және әдемі ғимараты бар екен! Ауласы қандай, қасбет қандай", - деп пікір білдірді оқырмандар.
Кейін елшілік блогерді шақырып, шай мен шоколадтан дәм татқызды. Yuji Beleza елшіліктің қызметкерлеріне риза болды. Бозбала видео жариялап, қызметкерлердің қонақжайлығы туралы айтты.
Бұған дейін полиглот өзінің Қазақстаннан екенін айтып, тауар сатып алуға тырысқан.
Watch on TikTok
Yuji Beleza қазақтарды тіл, мәдениет және тарих туралы білімдерімен таңғалдыратын видеоларды жиі түсіреді. Айтуынша, ол онлайн-ресурстар мен кітаптарды пайдалана отырып, қазақ тілін өз бетінше үйренген.
Жапондық Қазақстанды қатты жақсы көретінін және болашақта елге баруды армандайтынын айтты.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!