Жетісу облысының Алакөл ауданында ТЖМ құтқарушылары жараланған аққуды құтқарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға Ақши ауылы маңында болған. Алдын алу іс-шараларын жүргізіп жүрген құтқарушылар қамыс арасынан құсты байқап, оның ұша алмай тұрғанын көрген. Жақындаған кезде аққудың жарақат алғаны анықталған.
Құтқарушылар құсты абайлап қамыстан алып шығып, жылытып, тамақтандырған. Кейін аққу Үшаралдағы ветеринар мамандарға тапсырылды. Тексеру барысында құстың сол жақ қанаты сынғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта аққу ветеринарлардың бақылауында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!