Жетісу облысында орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған Көрнекі сурет: o-prirode.ru

Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

"Былтыр қыркүйекте "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, "УАЗ" қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды", -делінген хабарламада.

Соттың үкімі бойынша, ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;