"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген бүркіттің суға шомылып жатқан сәті фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш құс бүркіт (Aquila chrysaetos) кадрларға түсіп қалды.
"ҚР Қызыл кітабына енгізілген бұл түрдің тіркелуі парк аумағындағы биоалуантүрліліктің жоғары деңгейін және табиғи экожүйелердің жақсы сақталғанын айғақтайды. Сонымен қатар алынған деректер болашақта жыртқыш құстарды қорғау шараларын жетілдіруге, олардың мекендеу ортасын сақтауға және антропогендік әсерді төмендетуге бағытталған іс-шараларды жоспарлауға негіз болады", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!