Алтын-Емел ұлттық паркінде Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алтын-Емел ұлттық паркінің аумағында тұрақты жүргізіліп келе жатқан мониторинг жұмыстары барысында орнатылған фототұзаққа сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) түсірілді.
"Бұл түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауға алынған. Аталған бейнематериал парктің жоғары биіктіктегі аймақтарындағы экожүйенің жақсы сақталғанын көрсетеді. Мұндай деректер Алтын-Емел ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау және зерттеу бағытындағы жүйелі жұмыстарының нәтижесін айқындайды", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!