2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазғаннан Ақтауға дейін тікелей жолаушылар жүрдек пойызы іске қосылады, деп хабарлайды Tengri Travel Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа бағыт Қарағанды – Жезқазған бағытын Маңғыстау станциясына дейін (Ақтаудан 13 шақырым – ред. еск.) ұзарту есебінен ұйымдастырылған.
Енді жолаушылар Жезқазғаннан Маңғыстау өңіріне дейін тікелей, ауысып мінбей жете алады. Жол жүру уақыты шамамен 29 сағат. Жиілігі – аптасына екі рет.
Жаңа бағыт бойынша билеттер сатылымға шығарылған.
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!