Жыл басынан бері қанша адам және не үшін рейстен түсірілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған 142 жолаушы әуе рейстерінен түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған 142 жолаушы әуе рейстерінен түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу (83 дерек), ұшақта темекі шегу (40 дерек), ұсақ бұзақылық (12 дерек) және т.б. бар.

Соңғы оқиғалардың бірі Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты болған.

"Алматы - Ақтөбе рейсі ұшып келгеннен кейін Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұшақтың дәретханасында электрон темекі шеккен әйелді ұстады. Құқық бұзушыға әуе кемесінің бортында темекі тұтыну дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Көліктегі полиция департаменті ұшақта темекі шегу қауіпті екенін ескертті. Темекінің ұшқыны тез тұтанатын материалдарды өртеп жіберуі мүмкін, ал түтіні жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына зиян келтіреді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная