Канадалық блогер Қазақстанды автостоппен аралап, мұның қаншалықты қауіпсіз екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Канадалық саяхатшы Серена Қазақстанда 10 күн болып, қалалар арасында автостоппен қатынаған. Сапардан соң ол жолдар, адамдар мен қауіпсіздік туралы әсерін бөлісіп, өзін не таңғалдырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Канадалық саяхатшы Серена Қазақстанда 10 күн болып, қалалар арасында автостоппен қатынаған. Сапардан соң ол жолдар, адамдар мен қауіпсіздік туралы әсерін бөлісіп, өзін не таңғалдырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Неге Қазақстан?

Тілшімен әңгіме барысында Серена TikTok пен Instagram желілерінен Қазақстан туралы көптеген жарияланымды бұрыннан көріп жүргенін айтты. Оны әсіресе табиғат пен хайкингке арналған мүмкіндіктер қызықтырған.

Жарнама
Жарнама

"Мен Қазақстанға келуді ұйғардым, өйткені ол туралы TikTok пен Instagram-нан өте жақсы пікірлер естідім және бәрін өз көзіммен көргім келді. Мұнда табиғаттың керемет сұлу екені және хайкингке арналған орындардың көптігі туралы ақпараттар маған да жетті, сондықтан өзім келіп көргім келді", - деп бөлісті ол.

Серена Қазақстанда барлығы 10 күн болған. Осы уақыт ішінде ол Алматы мен Түркістанды аралап, ең есте қаларлық сәт Франциядан келген саяхатшымен танысуы болғанын айтты.

"Біз бірге экскурсияға бардық, кейін тағы бірнеше күн Алматыда қыдырып, шынайы жақын араласып кеттік. Онымен бірге Қазақстандағы көптеген керемет жерді араладық", - деді Серена.

Оның пікірінше, жолда кездестіретін адамдар саяхаттың сәнін кіргізеді. Қазақстанда мұндай сәттер жеткілікті болған.

"Іштей мен саяхаттағы ең жақсы тәжірибе кездестіретін адамдарда екеніне сенімдімін. Қазақстанда уақытымды керемет өткіздім және мұнда қайта келетін күнді асыға күтемін", - деді ол.

Ең қатты ұнағаны не?

Саяхатшы Қазақстанның басты артықшылықтары ретінде табиғатты, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын, жақсы жолдар мен тазалықты атады.

"Менің тәжірибемде Қазақстандағы жолдар өте жақсы. Барлық жер тап-таза. Өзімді жалғыз болғанда да, құрбыммен бірге болғанда да толық қауіпсіздікте сезіндім. Бұл елге айтар ешқандай мінім жоқ", - деді ол.

Дегенмен ол үшін ең қиын болғаны - қашықтық.

"Мұнда сапарды жоспарлағанда, елдің ауқымын алдын ала түсіну қиын. Бір жерден екінші жерге бару өте көп уақыт алады", - деп кеңес берді саяхатшы.

Сондай-ақ ол бейнежазбасында Түркістаннан Шымкентке автостоппен қалай жеткенін көрсетті. Кадрлардан оның "Шымкент, тегін" деп жазылған қолдан жасалған тақтайшамен небәрі 1 минутта көлік тоқтатқаны көрінеді.

"Олар тез тоқтады, телефонымды қуаттауға рұқсат беріп, сусын сатып әперді, олар сондай мейірімді жандар", - деді ол видеода.

@travelswithrena I really wasn’t expecting that 😳 #kazakhstan #almaty #centralasia #Казахстан #кыргызстан ♬ original sound - travelswithrena

Басқа роликтерде блогер қазақстандық базарларды аралап, жергілікті колориттен алған әсерін бөлісті. Оны Көк базардағы ассортимент - атап айтқанда, қойдың басы мен 1400 еуро тұратын қасқырдың терісі таңғалдырған.

@travelswithrena and yes kazak people eat it.. 😳including the eyes, the tongue and the brain In Kazakh culture, serving a sheep’s head is a sign of respect and hospitality. Traditionally, the honored guest carves it and shares different parts with others, each carrying its own symbolic meaning. 🐑🇰🇿 More than just a meal, a sheep’s head represents tradition, honor, and community in Kazakh culture. Served at special gatherings, it’s a way of showing respect to guests and preserving centuries-old customs. #kazakhstan #almaty #centralasia #Казахстан #кыргызстан ♬ sonido original - Andrew
@travelswithrena someone wants to buy a real wolf ?! 🐺😂 📍Green Bazaar, Kazakhstan #kazakhstan #almaty #centralasia #Казахстан #кыргызстан ♬ son original - Udila_Udgula

Автостоп қаншалықты қауіпсіз?

Серенаның пікірінше, Қазақстанда автостоппен саяхаттау, соның ішінде жалғыз жүрген қыздар үшін де, айтарлықтай қауіпсіз.

"Алматы облысында өзімді өте жайлы сезіндім. Ал Шымкент туралы көптеген жергілікті тұрғындар алдын ала ескертіп, мұқият болуға кеңес берді. Ол жақта адамдар Алматымен салыстырғанда біршама тұйық болып көрінді", - деді саяхатшы.

Соған қарамастан, оның басынан жағымсыз жағдайлар өтпеген.

Оның үстіне, ол Алматыны Орталық Азиядағы өзі болған жерлердің ішіндегі ең әдемі қала деп атады.

"Егер автостопты ұсынатын болсам, онда міндетті түрде - Алматы. Бұл өте қауіпсіз, ал мұндағы көріністер - өмірімде көргендерімнің ішіндегі ең әдемісі. Қазақстанды жақсы көремін!" - деп түйіндеді ол.

Қазіргі уақытта Серена Орталық Азия бойынша саяхатын жалғастырып, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға жолға шыққан. Алайда, оның айтуынша, Қазақстанды міндетті түрде тағы бір көргісі келеді.

"Қазақстанға міндетті түрде оралғым келеді. Мұнда уақытым өте көңілді өтті, бұл керемет ел! Меніңше, бұл мен көрген жабайы табиғаты ең әдемі жерлердің бірі", - деді ол.

Автостоппен саяхаттайтындарға арналған кеңестер

Сапар қорытындысы бойынша Серена бірнеше ұсынысын бөлісті:

  • сақ болыңыз. Әрдайым қырағылық танытып, жағдайды шынайы бағалаңыз.
  • екі тілде жазылған тақтайша дайындаңыз. Баратын қалаңыздың атын орыс және ағылшын тілдерінде жазып қойыңыз.
  • маңызды ескертпе жазыңыз. Жүргізушіде теріс үміт туындамас үшін, ақшаңыз жоқ екенін және тегін саяхаттап жүргеніңізді тақтайшаға алдын ала көрсетіңіз.
  • түйсігіңізге сеніңіз. Қандай көлікке мініп, кімнің қасына отыруға келісетініңізге мұқият болыңыз, әсіресе қыз бала болып жалғыз саяхаттасаңыз.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама