“Қандай үлкен“. “Бурабай“ ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қандай үлкен“. “Бурабай“ ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсірілді Фото:depositphotos.com

"Бурабай" ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бурабай" ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видео ұлттық парктың ресми Instagram-парақшасында жарияланды.

"Қыста бұл көрікті әрі сүйкімді жыртқышты кездестіру – үлкен сиректік. Сілеусін ашық түсті жүні арқасында орманмен үйлесіп кетуі мүмкін. Сілеусіндер жалғыз өмір сүреді және өз аумағын белгілейді. Қыста сілеусіндердің негізгі азығы – сүтқоректілер, еліктен бастап дала тышқандарына дейін, әсіресе қояндарды жейді", – деп хабарлайды басылым.

Посттың астында пікірлер қалдырылған, әлеуметтік желі қолданушылары жануардың ірі екенін атап өтті.

"Қандай үлкен", "Ұзақ өмір сүрсін, сұлуымыз", "Неткен керемет", "Тамаша көрініс", – деп жазды адамдар пікірлерде.

Парктің мәліметінше, қазіргі уақытта оның аумағында 48 сілеусін мекендейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
;