Қапшағай су қоймасында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай су қоймасында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, 31 тамызда сағат 15:00 шамасында 112 қызметіне Қапшағай су қоймасында, 9-насос станциясы маңында қайық аударылғаны туралы хабар түскен. Қайықтағы екі ер адамның бірі жүзіп жағаға шыққан, екіншісі шамамен 400 метр қашықта жоғалып кеткен.

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жедел жетіп, іздестіру жұмыстарына жүзу құралдары мен сүңгуірлер жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығына және аумақтың үлкендігіне қарамастан, іздеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазір 17 құтқарушы, 3 техника, 4 жүзу құралы, дрон және "Эхолот" тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;