Қарағанды ​​облысында пойыз Mazda көлігін соғып, үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com\көрнекі сурет

Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

17 қыркүйекте сағат 00:54-те Ақадыр-Қарағанды учаскесі Жарық-Дария аралығындағы теміржол өткелінде 92 шақ/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл көлік жолға шығуына байланысты пойызды шұғыл тежеген. Алайда жол апатының алдын алу мүмкін болмаған.

"Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Бұл оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

"ҚТЖ "ҰК" АҚ азаматтарды теміржол өткелдерінің ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная