Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті: кідірістер бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: редакция архивінен Фото: редакция архивінен

ҚТЖ Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызы вагонының рельстен шығып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚТЖ Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызы вагонының рельстен шығып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін оқиға туралы ақпарат Желіде пайда болған. Жазба авторының айтуынша, теміржолдағы оқиға Ағадыр мен Айса станцияларының арасында болған.

Бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полиция басқармасы пікір білдірді. Олар пойыздың техникалық вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлады. ҚТЖ жағдайды түсіндірді:

"24 сәуірде сағат 02:46-да Ақадыр-Айса аралығындағы пойызбен жүргенде дизель-генераторлық қондырғысы бар бір құйрықты техникалық вагон апатқа ұшырады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдары жедел түрде жойылды. Қазіргі уақытта учаскеде пойыздардың қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Оқиғаның себептерін тексеру үшін ҚТЖ комиссиясы құрылды",-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚТЖ оқиғаға байланысты кідірістер болған жоқ және болжанбайды деп сендірді, өйткені оның салдары "жедел түрде жойылған".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная