Қазақстан Ақтаудағы AZAL ұшағының апатына байланысты тергеуді аяқтауға жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/mangystau_audany

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатына қатысты тергеу барысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатына қатысты тергеу барысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тергеудің бірінші бөлігі - қылмыстық іс, оны Қазақстанның Бас прокуратурасы ресейлік әріптестермен жүргізіп жатыр. Екінші бөлігі - техникалық, оны Көлік министрлігі жүргізіп жатыр.

"Көлік министрлігі тергеуді аяқтау сатысында. Сондықтан қазір лицензия иелерінен немесе технологиялардың иелерінен аэронавигациялық құралдар және тағы басқа бойынша қорытынды күтіп отырмыз. Жалпы, Көлік министрлігі тарапынан аяқтауға дайынбыз. Мүмкін, биыл немесе келесі жылдың басында", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Реклама
Реклама

Бозымбаевтың айтуынша, Бас прокуратура желісі бойынша да жұмыс ілгерілеп келеді.

"Бас прокуратураға қатысты бөлігі - олар тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Онда да ілгерілеу бар, көрші мемлекеттердің басшыларының түрлі мәлімдемелерін көрдіңіздер. Сондықтан келесі жылы ол жақта да тергеу аяқталады деп үміттенеміз", - деді вице-премьер.

Бұған дейін көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров үкіметтегі брифингте AZAL ұшағы апатына қатысты тергеу қорытындысы осы жылдың аяғына дейін ұсынылатынын айтқан еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная