Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатқа 2024 жылдың 15 сәуірі Ереванда қол қойылған. Оның негізгі тетігі – Қазақстан мен Армения арасында 90 тәулікке дейін визасыз режим енгізу. Бүгін құжатқа қосымша толықтырулар енгізілді.
Аталған құжат:
- Қазақстан мен Армения азаматтары басқа елдің аумағына виза рәсімдемеуге;
- Келісімде көрсетілген құжаттардың бірін пайдаланып, үш айға дейін кіріп-шығуға;
- Транзиттік жүріп өту және уақытша болу мүмкіндігін береді.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов түсіндіргендей, құжат елде 30 тәуліктен астам уақыт болған жағдайда ішкі істер органдарында тіркеуден өту міндетін де енгізеді. Қазіргі уақытта Армения азаматтары Қазақстанда полицияға тіркелмей-ақ 90 күнге дейін жүре алады. Министрдің айтуынша, жаңа норма көші-қонды бақылаудың тиімділігін арттырады. Жыл басынан бері Қазақстанға шамамен 12 мың Армения азаматы кірген.
Келісімде қосымша шарттар да көзделген:
- 90 күннен артық мерзімге қалу үшін уақытша тұруға рұқсат алу қажет;
елге кіру кезінде пайдаланылатын құжаттардың тізімі кеңейтілген. - Армения азаматтары Қазақстанға жеке куәлікпен кіре алады (Қазақстандағы жеке куәлікке балама құжат), ал Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады (бұған дейін тек паспорт талап етілетін).
- Мұндай тәжірибе Ресей мен Қырғызстанға сапарларда да бар;
елге кіруден бас тарту немесе қалаусыз тұлғаларды кері қайтару құқығы сақталады.
Құжат Сенатқа жолданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!