Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған әлем елдерінің паспорттар индексін жариялады. Рейтинг Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректері негізінде жасалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жаңартылған тізімге сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 78 елге бара алады. Осы көрсеткішпен еліміз 61-орынға жайғасты. Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан рейтингте 65-орында болған.
Скриншот: henleyglobal.com
Көрші елдер арасында Қырғызстан мен Өзбекстан 75-орынды (61 ел), Тәжікстан 81-орынды (54 ел), ал Түрікменстан 87-орынды (47 ел) иеленді. Ресей 46-орында, Беларусь 60-орында, Әзербайжан 67-орында тұр.
Рейтинг көшін Сингапур бастап тұр, оның азаматтары 192 елге визасыз кіре алады. Ал ең әлсіз паспорт Ауғанстанға тиесілі, бұл елдің азаматтары небәрі 24 мемлекетке ғана визасыз бара алады.
Henley паспорт индексі ел азаматтарының әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігін көрсетеді және 199 паспорт пен 227 бағытты қамтиды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!