"Қазақстан темір жолына не болған". Пойыз неге кешігіп жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Victoria_Regen © pixabay.com/Victoria_Regen

Желі қолданушыларының бірі Қазақстан темір жолының жұмысына шағымданды. Оның айтуынша, Алматыдан жүрген пойыз өз кестесінен бір жарым сағатқа кешігіп жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Желі қолданушыларының бірі Қазақстан темір жолының жұмысына шағымданды. Оның айтуынша, Алматыдан жүрген пойыз өз кестесінен бір жарым сағатқа кешігіп жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті.

"Қазақстан темір жолына не болған? Келетін пойыздың кешігіп келуіне үйрендік, енді Алматыдан жүретін пойыз бір жарым сағатқа кешігіп жүрді. Бірінші станциядан кешігіп шыққан пойыз баратын жеріне неше уақыт кешігеді. Бұл енді шектен шығу емес пе?" - деп жазған ол парақшасында.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өкілдері бұл жазбаға қатысты пікір білдірді.

"ҚТЖ" ҰК " АҚ желісінде пойыздар қозғалысының, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазір жолдарды, жасанды құрылыстарды, дабыл, байланыс және энергиямен жабдықтау құрылғыларын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір учаскелердегі пойыздардың жылдамдығы кестеден кешіктірілуі мүмкін. "ҚТЖ "ҰК" АҚ жолаушылар пойыздары қозғалысының норматив кестесін сақтау үшін тәулік бойы барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Компания туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауларын өтінеді", - делінген жауапта.

Сондай-ақ, компания өкілдері пойыз кешіккен жағдайда жолаушы қандай жеңілдікке ие болатынын айтты.

"Пойыз кешіккен жағдайда Сіз өтемақы ала аласыз. Өтемақы алу үшін Сіз баратын жеріңізге жеткен соң, вокзал бойынша кезекшіге жолығып, келу пунктіне қанша сағатқа кешігіп келгеніңіз туралы жол жүру құжатына (билетке) белгі қойдырып алуыңыз керек. Әрі қарай, Сіз осы құжатпен және жеке куәлігіңізбен заңға сәйкес өтемақы алу үшін кез-келген ҚТЖ кассасына жүгіне аласыз. "Теміржол көлігі туралы" Заңның 80-бабына, 3-тармағына сәйкес, жолаушылар пойызын кешіктіргені үшін кешіктірілген әрбір сағат үшін билет құнының 3 пайыз мөлшерінде айыппұл төлеу көзделген", - делінген жауапта.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная