Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Кейбір әуекомпаниялар зейнеткерлерге жеңілдіктер мен жас тарифтерін беретінін көп адам біле бермейді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі және Aviata.kz толығырақ айтып береді.


Иконка комментария блок соц сети

Кейбір әуекомпаниялар зейнеткерлерге жеңілдіктер мен жас тарифтерін беретінін көп адам біле бермейді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі және Aviata.kz толығырақ айтып береді.

Саяхат бәріне ұнайды. Алайда, қарт адамдардың әрқашан ұшақ билетін сатып алуға шамасы келе бермейді. Ол үшін кейбір әуекомпаниялар зейнеткерлер үшін арнайы тарифтер енгізеді. Біз әлемнің түрлі авиакомпанияларындағы осындай жеңілдіктер туралы ақпаратты жинадық және Қазақстанда осындай тарифтердің бар-жоғын білдік.

Қазақстанда жолаушыға бірқатар артықшылық беретін жас тарифтері ұсынылады. Мысалы, Air Astana әуекомпаниясынан егде жастағы адамдар үшін тариф саяхаттың бірінші сегменті бойынша ұшу сәтінде сайтта 60 және одан жоғары жастағы жолаушылар үшін онлайн сатып алу кезінде қолжетімді. Әуекомпанияның баспасөз қызметі тариф тек ішкі рейстерге қолданылатынын жеткізді.

"Мұндай тариф бойынша билетті сатып алу үшін сайтқа "Брондау", әрі қарай - "Басқару" бөліміне кіру керек. Мұнда "Жас тарифтерін" таңдау керек. Дәл сол жерде баратын жерді, жөнелтілетін орынды, күнді таңдау, жасын көрсету керек, содан кейін билетті табуға басу қажет", - дейді әуекомпаниясының өкілі Тілек Әбдірахымов.

Бұл тарифтің артықшылығы - төмен баға. Әуетасымалдаушының баспасөз қызметінің мәліметінше, баға эконом-кластың ең жоғары тарифінің шамамен 50 пайызға төмен болады. Мұндай билетті сатып алудың тағы бір артықшылығы - жас тарифтері икемді, оларда ұшу күнін өзгертуге шектеулер жоқ, қайтару үшін айыппұлдар да жоқ. Сонымен қатар, жолаушы брондаудың осы класында орындар болған жағдайда билетті тегін қайта брондай алады. Толығырақ мына жерден көре аласыз.

Qazaq Air әуекомпаниясында да осындай шарттар бар. Оның 16 жастан 22 жасқа дейінгі жолаушылар үшін, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар үшін арнайы жеңілдетілген тарифі бар. Әуекомпанияның жаңа арнайы ұсынысының негізгі артықшылығы - рейс ұшқанға дейін билетті айырбастау жолаушының бастамасы бойынша айыппұлды ұстамай, толық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін. Рейстің ұшып шығуына дейін билетті қайтару әуекомпанияның алымдарын ұстап қалумен шектеледі. Жолжүкті тасымалдау нормасы - 20 килограмм, қол жүгі - 5 килограмм.

Тасымалдаушының сайтында арнайы тариф бойынша билетті сатып алу үшін веб-сайтқа өту, сапардың бағыты мен күнін көрсету, ашылған тізімнен жолаушының жасын ескере отырып, қандай санатқа жататынын таңдау қажет деп жазылған. Әрі қарай, ұшу нұсқалары бар бет жүктеледі. Арнайы парақшада "жас мөлшері" тарифін таңдап, жеке деректерді толтырып, билетті төлеуге көшу қажет.

Qazaq Air баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жас" тарифі барлық ішкі рейстерге қолжетімді.

"Бұл белгіленген баға тарифі. Билеттер саны әр рейске шектеулі, сондай-ақ ұшу күніне, рейске және ұшу уақытына байланысты. Шамамен Алматы - Астана бағыты бойынша құны 16 000 теңге болады. Мұндай билеттер тез сатылады, сондықтан алдын ала сатып алған дұрыс. Тариф бойынша билеттерді сайттан және Qazaq Air әуе кассаларынан алуға болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зейнеткерлерге арналған әуе билеттеріне жеңілдіктер тәжірибесі көптеген елдерде қолданылады. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер үшін барлық ішкі бағыттарға билеттер субсидияланады, олар сатып алу кезінде құжаттарды ұсынуы керек. Үндістанның ең ірі әуетасымалдаушысы Air India 50 жастан асқан барлық адамға эконом-класс бөлімінде және базалық тарифте 60 пайызға дейін жеңілдік ұсынады. British Airways бизнес-класс салонына 200 доллар және зейнеткерлерге арналған эконом-класқа 65 долларға дейін жеңілдік ұсынады. Жеңілдік British Airways және оның серіктестері қызмет көрсететін бағыттарға қолданылады. Бұл тәжірибе American Airlines-те де бар. Мұнда 66 жастан асқан адамдарға 10 пайызға дейін жеңілдік беріледі, бірақ тек АҚШ азаматы болуы керек.

 Көрнекі сурет: @Pixabay

Қазақстанға ұшатын шетелдік әуе желілерінің арасында осындай жеңілдіктер ұсынатындар да бар. Көбінесе бұл әуекомпаниялар оларды өз елінің азаматтарына ұсынады. Turkish Airlines-пен баратын қарт адамдар кейбір тарифтер мен маршруттар бойынша халықаралық рейстерге жеңілдіктер ала алады. Алайда, жеңілдікті тек кеңседе билеттерді жеке сатып алған кезде немесе брондау бөліміне хабарласып алуға болады.

Qatar Airways брондау кезінде 65 жасқа толған жолаушыларға 15 пайызға дейін жеңілдік ұсынады.

Uzbekistan Airways-те зейнеткерлер үшін арнайы тарифтер мен белгіленген бағалар жоқ. Алайда әуекомпания Өзбекстанның қарт азаматтары үшін ара-арасында жеңілдіктер ұйымдастырады. Мысалы, өткен жылдың қарашасында 60 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдер үшін барлық ішкі бағытқа 25 пайыз жеңілдік берілді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная