Қазақстанда Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайта басталады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайта басталады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда 2019 жылдың аяғында болған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайта жанданады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2019 жылдың аяғында болған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайта жанданады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сауранбаевтың айтуынша, әуе апатына қатысты тергеу қайта басталады.

"Өкінішке қарай, авиацияда мұндай жағдайлар жиі болады және нақты шешім табу өте қиын. Яғни, авиациялық апаттар көбінесе ұзақ уақыт қарастырылады. Қазір барлық құжатты дайындау жұмыстары жүріп жатыр", – деді министр.

Бұған дейін, 2024 жылдың желтоқсанында бұрынғы көлік министрі Марат Қарабаев бұл апатқа қатысты тергеу қайта басталуы мүмкін екенін айтқан еді.

Еске салайық, Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға (сол кездегі атауы) бағыт алған, бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден биіктікті жоғалтқан. Кейін қоршауды бұзып өтіп, әуежай маңындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған. Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары ұшақтың әуеге көтерілгенін, бірақ бірден қисайғанын көрсеткен. Ұшқыш ұшақты қайта қондыруға шешім қабылдағанымен, шассиді шығара алмаған. Ғимаратпен соқтығысқан сәтте ұшақтың жылдамдығы 70 узел (шамамен 126 км/сағ) болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;