Қазақстанда бизондар видеоға түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бизондар видеоға түсірілді видео кадры

Қазақстанда бизондар видеоға түсірілді. Кадрлар TikTok-та таралып, әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бизондар видеоға түсірілді. Кадрлар TikTok-та таралып, әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Автордың айтуынша, кадрлар жануарлардың табиғи мекенінде түсірілген.

"Бұл Солтүстік Америка емес. Бұл Қазақстан. Бұл - бизондар. Олар жем салынған науаларға жүгіріп келеді", - деді ер адам камера сыртында.

Бизондар Қазақстанға қалай келген?

"Бұйратау" ұлттық паркі мәліметінше, 2020 жылы парк пен жеке компания арасында жасалған меморандум аясында Канададан 10 бизон әкелінген. Бүгінде олардың саны 26-ға жеткен.

Бизондар маралдармен бірге 400 гектарлық қоршалған аумақта ұсталады. Парк бойынша маралдардың жалпы саны – шамамен 500, оның 61-і осы қоршауда.

Жазда жануарлар вольер аумағындағы жайылымда шөп жейді, ал қыста оларға шөп пен астық түріндегі жем-шөп беріледі.

Айта кетейік, "Буйратау" ұлттық паркі 2011 жылы құрылған. Ол Ақмола облысының Ерейментау және Қарағанды облысының Осакаров ауданы аумағында орналасқан, жалпы ауданы – шамамен 89 мың гектар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
;