“Қазақстанда ешкім қарсы алмады“. Туризм министрлігі АҚШ-тан келген блогердің ренішіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Әлеуметтік желілерде Қазақстанға жеке көлігімен келген америкалық блогер Коннордың видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол елге Туризм министрлігінің шақыртуымен келгенін, алайда келген бойда ол туралы ұмытып кеткенін айтты. Туризм және спорт министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Қазақстанға жеке көлігімен келген америкалық блогер Коннордың видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол елге Туризм министрлігінің шақыртуымен келгенін, алайда келген бойда ол туралы ұмытып кеткенін айтты. Туризм және спорт министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Коннор есімді америкалық блогер Қазақстанға сапары туралы видео жариялады. Бейнеролик ондаған мың қаралым жинап, қызу пікірталас тудырды. Шетелдіктің сөзіне қарағанда, ол Қазақстанға сапарын бірнеше ай бойы жоспарлап, Туризм министрлігінің шақыртуымен келген-мыс. Қырғызстанда жылы қабылдағаннан кейін саяхатшы біздің елден де сондай деңгейдегі қонақжайлылық күткенін жасырмады.

Реклама
Реклама

Алайда, оның айтуынша, елге келген кезде оны бәрі ұмытып, байланысқа шықпай қойған.

"Сізді елге ресми түрде шақырды деп елестетіңізші. Сіз бірнеше апта мен ай бойы жоспарды талқылап, егжей-тегжейін келісесіз, ал келген күні Туризм министрлігі сіз туралы жай ғана ұмытып кетеді", - деді ол.

Коннор өзінің Instagram-парақшасында оны шекарада салтанатты түрде қарсы алуы тиіс болғанын айтты.

"Оның орнына бізді ешкім қарсы алған жоқ. Тіпті, елге не үшін кіріп жатқанымызды сұрап, тергеуге алды. Бізді ресми түрде шақырғанын және келетінімізден хабардар болғанын ескерсек, бұл өте оғаш көрінді", - деп жазды ол.

Министрлік не дейді?

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Коннорды шақырғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

"Министрлік топтық ақпараттық турлар аясында шетелдік блогерлерді, туристік қауымдастықтар мен компанияларды шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, ведомство жұмысының шеңберінде жеке тұлғаларды шақыру қарастырылмаған. Жекелеген ресми өтініштер болған жағдайда министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді, аталған блогерден министрлікке өтініш түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, блогермен хат алмасу "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы атынан жүргізілгені нақтыланды. Компания мәліметінше, келіссөздер нақты уағдаластықпен аяқталмаған.

"Kazakh Tourism ұлттық компаниясы өз тарапынан ақпараттық қолдау көрсетуге және елдің туристік әлеуетімен танысу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға дайын", - деп түйіндеді министрліктегілер.

Тағы оқыңыз: Шетелдіктерді далада қалдырмады: қазақстандықтың әрекеті желіде талқыланып жатыр

TengriTravel

Реклама
Реклама