Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер ашылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер ашылады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда биыл жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда биыл жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, 21 қаңтарда Үкімет отырысында 2026 жылы халықаралық әуе бағыттарын қайта жандандыру және жаңа рейстерді ашу жоспарланып отыр. Министр нақты бағыттарды атамады, алайда қазақстандықтар қай қалаларға жиі ұша алатынын айтты.

"Сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің жиілігін арттыру жоспарланып отыр, оның ішінде Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Шанхай, Қашқар, Варшава және басқа қалаларға", - деп қосты Нұрлан Сауранбаев.

Премьер-министр Олжас Бектенов бір апта ішінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

"Көлік министрлігіне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық жүк тасымалдаушының одан әрі қызметіне қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын", - деді премьер-министр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты
;