Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты

Фото: ҚТЖ

Бейнеу – Құлсары учаскесіндегі теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысты. Толығырақ ақпарат – Tengritravel.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бейнеу – Құлсары учаскесіндегі теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысты. Толығырақ ақпарат – Tengritravel.kz материалында.

Оқиғаның егжей-тегжейін "ҚТЖ" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"23 желтоқсанда Бейнеу – Құлсары учаскесіндегі теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Теміржол өткелінің автоматтандырылған дабыл жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оқиға жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан болған", – деді баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Ең бастысы, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14:00-де халықаралық пойыз өз бағыты бойынша қайта жолға шықты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная