Қазақстанда қандай пойыздарда әйелдерге арналған вагондар бар?

Фото: ҚТЖ

Қазақтанда неше пойызда әйелдерге арналған вагондар бар? Бұл сұраққа "Tengri Travel"-ге "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақтанда неше пойызда әйелдерге арналған вагондар бар? Бұл сұраққа "Tengri Travel"-ге "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандағы "әйелдер вагондары" - жолаушылар пойыздарындағы тек әйелдер мен олардың балаларына арналған арнайы вагондар. Белгілі бір жасқа дейінгі (қоса алғанда 7 жасқа дейінгі) ер балалар да осындай вагондарға отыра алады.

Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні бұл қызмет бағыттар бойынша жүретін 11 жолаушылар пойызында көрсетіледі:

Реклама
Реклама
  • №354/353 Астана – Семей;
  • №24/23 Ақтөбе – Алматы;
  • №25/26 Алматы – Шымкент;
  • №77/78 Алматы – Маңғыстау;
  • №351/352 Алматы – Өскемен;
  • №45/46 Павлодар – Түркістан;
  • №37/38 Маңғыстау – Семей;
  • №47/48 Атырау – Астана;
  • №33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
  • №4/3 Астана – Алматы-2;
  • №71/72 Астана – Шымкент.

Компанияның айтуынша, әйелдер вагондарындағы және қарапайым вагондардағы билет бағасында айырмашылық жоқ.

"Билетті вокзалдан кассаларға жеке жүгіну арқылы сатып алуға болады. Бұл ретте билет кассаларының қызметкеріне әйелдер вагонында орынды таңдау қажеттігі туралы хабарлау қажет. Сондай-ақ, жолаушылар әйелдер вагондарынан орынды онлайн сатып алу кезінде де таңдай алады. Мысалы, bilet.railways.kz сайтынан теміржол билеттерін сатып алу кезінде "WC" (әйел) аббревиатурасына назар аудару керек, бұл билет тек әйелдер вагонына сатылатындығын көрсетеді", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айындағы статистика бойынша, жыл басынан бері 70 мыңға жуық әйел "әйелдер вагондарында" жол жүру қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен. Бұл қызмет 2021 жылы еліміздің кейбір пойыздарына енгізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная