Қазақстанда қасқырлар мен шибөрілерді аулауға рұқсат беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда қасқыр мен шибөрілерді аулауға рұқсат берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қасқыр мен шибөрілерді аулауға рұқсат берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеменің әзірленгенін хабарлайды.

"2025 жылдың 15 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген", - делінген хабарламада.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі.

"Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген".

Бүгінде бұл қызмет толығымен автоматтандырылып, www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная