Жазғы кезеңде Қазақстанда сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша 15 қосымша теміржол маршруты іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Министрдің баяндамасына сәйкес, қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды: Астана – Достық, Алматы – Достық, Семей – Достық, Өскемен – Достық, Қарағанды – Балқаш, Алматы – Семей, Ақтөбе – Астана және Нұрлы жол – Шымкент.
Бұл ретте 15 қосымша маршруттың 10-ы жазғы маусымда дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие Алакөл жағалауы бағытына қатынайды.
Бұдан бөлек, қолданыстағы пойыздардың құрамы ұлғайтылады.
Слайдтан кадр
Министрдің айтуынша, қабылданып жатқан шаралар 400 мыңнан аса қосымша жолаушылар орнын құруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін осы жазда Алакөл мен Балқашқа әуебилеттері қаншадан болатыны хабарланған еді.