"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
№201/202 "Нұр-Сұлтан 1-Шымкент" бағытында - 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды. Шымкенттен - биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында пойыз жүреді. №203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2" бағытында - осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзал кешенінен 5 пойыз жүреді Алматы 2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды."Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.
"Сондай-ақ, №7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді", - дейді мамандар
Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!