Қазақстанда мереке күндері танымал бағыттарға әуе рейстері мен пойыздар көбейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ

Қазақстанда мереке күндері танымал бағыттарға әуе рейстері мен пойыздар көбейтіледі. Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мереке күндері танымал бағыттарға әуе рейстері мен пойыздар көбейтіледі. Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, мереке күндері сұраныстың артуына байланысты Қазақстанда қосымша әуе рейстері мен пойыздар іске қосылады.

Атап айтқанда, жоспарлаған:

Реклама
Реклама
  • Алматы, Шымкент және Ақтау бағыттарына қосымша әуе кемелері – жолаушылар орны көп ұшақтарды қосу және қосымша рейстер орындау;
  • теміржол қатынасында да қосымша пойыздар мен вагондар қосылып, орындар саны арттырылады.

Сонымен қатар билеттердің бағасы өспейді деп сендірді Қалиақпаров.

"Жалпы билет бағасының қымбаттауы болжанбайды. Жолаушылардың 50 пайыздан астамы маршруттарын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алады. Өздеріңіз білесіздер, алдын ала сатып алу арзан. Баға шегі бұрынғысынша қалады. Алдағы мерекелерге де, келесі жылға да билеттердің қымбаттау жоспары жоқ", — деді вице-министр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная