Қазақстанда мереке күндерінде қосымша пойыздар іске қосылады: тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздарды іске қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздарды іске қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

№201/202 "Астана – Алматы" пойызы:

  • Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
  • Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанжәне 2, 5 қаңтар 2025 жыл.

№203/204 "Астана – Шымкент" пойызы:

  • Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
  • Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.

№205/206 "Ақтөбе – Астана" пойызы:

  • Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
  • Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.

Одан бөлек мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.

Аймақтар бойынша қосымша вагондар:

  • Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.
  • Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.
  • Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.

2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:

  • №7515/7516 "Астана – Бурабай курорты" күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).
  • №7553/6811–6812/7556 "Қарағанды – Астана – Боровое курорты" жұма, сенбі және жексенбі күндері.
  • №7509/6805–6806/7510 "Павлодар – Астана – Боровое курорты" аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.

Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная