Қазақстанда теміржол желісінің жартысынан көбі тозған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда теміржол желісінің жартысынан көбі тозған Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандағы теміржол желісінің тозу деңгейі 50 пайыздан асады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы теміржол желісінің тозу деңгейі 50 пайыздан асады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ведомство басшысы магистральды теміржол желісі – теміржол саласының негізгі активі екенін айтты.

"Теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым болады. Тозу деңгейі 57 пайызға жетіп отыр. Бұл пойыздардың қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігіне әсер етеді. Инфрақұрылым мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп тұр", – деді Сауранбаев.

Тиімділікті және тасымалдаудың тұрақтылығын арттыру үшін 2030 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол салу және қолданыстағысын жаңғырту жоспарланып отыр. Министрдің айтуынша, қазір 11 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта бес жобаның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр: Достық – Мойынты, Алматы айналма жолы, Дарбаза – Мақтарал, Мойынты – Қызылжар және Бақты – Аягөз. Биыл екі ірі жоба – Достық – Мойынты учаскесі мен Алматы айналма жолы мерзімінен бұрын аяқталады", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Министр келесі жылы жаңа теміржол желілері – Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтарал іске қосылатынын уәде етті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;