Қазақстандағы ең үздік велотурлар жайлы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Қазақстанда велотуризм, мысалы, Еуропадағыдай кең таралмаған, енді ғана танымал бола бастады. Саяхаттың бұл түрі автобус турларына қарағанда көп мүмкіндік береді, сонымен бірге денсаулығыңызды жақсартады. Велотур дегеніміз не, өзіңізбен бірге не алу керек және саяхатты қызықты етіп қалай ұйымдастыру қажеттігі жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда велотуризм, мысалы, Еуропадағыдай кең таралмаған, енді ғана танымал бола бастады. Саяхаттың бұл түрі автобус турларына қарағанда көп мүмкіндік береді, сонымен бірге денсаулығыңызды жақсартады. Велотур дегеніміз не, өзіңізбен бірге не алу керек және саяхатты қызықты етіп қалай ұйымдастыру қажеттігі жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі баяндайды.

Қазір көптеген елдердің шекарасы жабылған кезде ішкі туризм, оның ішінде ашық ауада демалу кең өріс алды. Ең танымал бағыттардың бірі - велосипед тебу. Алматылық Ярослав Дубоделов 2012 жылы велоспортқа қызығушылық танытып, 2014 жылдан бері турлар ұйымдастырып келеді.

"Қазір салалутты өмір салты басты ұстанымға айналуда. Бұл - велотуризм дамуының басты себебі. Бұған сыртқы шекаралардың жабылуы әсер етті, ішкі туризм дами бастады. Өткен жылмен салыстырғанда, қазір велотурға қызығушылар күн санап көбеюде. Бұрын ковидқа дейін бізбен баратын саяхатшылардың тең жартысы шет елден болса, екінші жартысы Қазақстаннан болатын, ал қазір 90-95 пайызы қазақстандық туристер", - дейді Ярослав Дубоделов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yaroslav Dubodelov (@yar13ik)

Дайындық

Әрбір сапар мұқият ойластырылады. Тек сол жер ғана емес, ауа райы да ескеріледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар ас мәзірін алдын ала жасау үшін туристерден тамақтану жайлы сұрайды.

"Біз тамақтану туралы, қандай да бір нәрсеге аллергиясы бар-жоғын, оның рационында белгілі бір тағамдарға рұқсат етілген бе, олардың қолданылуы оның діни және басқа да жағына қайшы келе ме, жоқ па деп сұраймыз. Біз мәзірді барынша бейімдеуге тырысамыз", - дейді Ярослав.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар велосаяхатқа шыққысы келетіндерге әртүрлі жадынамалар мен өзіңізбен бірге алу керек заттар тізімдерін таратады. Егер бұл тау жолы болса, басқа нәрселермен қатар, жылы киім қажет. Өйткені, түнде тауда ауа температурасы нөл градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

"Кейде адамдар біздің ескертулерімізге назар аудармайды, тіпті алу керек заттарды да алмайтын кездер болады. Бір кездері ауа температурасы төмендеп кеткенде, бір саяхатшының үстінде тек жейде ғана болған. Барлығымыз сол туристті киіндіруге бар күшімізді салған едік", - Ярослав Дубоделов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуры Казахстан, Алматы (@velotourkz)

Ұйымдастырушы атап өткендей, баға екі күндік турға 36 000 теңгеден басталып, тоғыз күнге созылатын көп күндік тур үшін 270 000-ға дейін барады.

Бұл бағаға турист пен оның велосипедін қаладан веломаршруттың бастапқы нүктесіне дейін және кері қарай тасымалдау, веломаршрутта көлікпен қарап бірге жүріп отыру, веложолдағы ауыз су мен азық-түлік, ұлттық саябақтарға кіру ақысы, гид қызметтері, маршруттағы велосипед механигінің көмегі, велосипед жөндеу жинағы: кілттер, сорғы, жамаулар, шынжырды майлау материалдары, жоғары қысымды сорғы, тежегіштерге арналған жөндеу жинағы және басқа құралдар мен қосалқы бөлшектер, велосипед нұсқаушысының үйретуі және көмек көрсетуі, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы (бинт, перекись, ауруды басатын дәрілер), бивак жабдықтары: шатыр, далалық ас үй шатыры, үстел, орындықтар, тоңазытқыш, 220 вольт электр станциясы, ыдыс-аяқ, қолжуғыш кіреді.

Қосымша қызметтер де бар. Мысалы, МТВ хардтейл велосипедін жалға алу тәулігіне 5500 теңге тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуры Казахстан, Алматы (@velotourkz)

Велотурлар жайлы

Ярославтың пікірінше, қазақстандық бағыттардың ерекшелігі олардың өркениет игілігінің толық немесе жоқ "жабайы" жерлерде болуында. Азық-түлік дүкендері жол бойында сирек кездеседі, ал туристер сапар уақытында керек азық-түлікті толтыра алмайды.

Қазақстандағы велотурлар әртүрлі рельефте жүруге және әртүрлі климаттық аймақтарға баруымен ерекшеленеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тоғыз күндік тур Өскеменнен басталып, ең қызықты жерлерді қамтиды. Саяхат барысында туристер Язевое, Марқакөл, Зайсан (осында олар пароммен өтеді), Жоғарғы және Төменгі Тайнты, Сібе көлдеріне, Бұқтырма су қоймасына барады, Қиын-Керіш табиғатын тамашалайды, Шекелмес мүйісін бағындырады, Ескі Австрия жолымен жүреді, Қытай шекарасынан 10 метрге аралыққа да барады. Жолда велошабандоздар Қазақстан жағынан Алтай тауларының бойымен жүріп, ландшафттардың қалай өзгеретінін тамашалайды: жабайы тау жоталарынан Марс шөл пейзаждарына дейін, табиғи саябақтарды, қорықтарды, ауылдарды аралап, Белухадағы табиғат көрінісін тамашалайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуры Казахстан, Алматы (@velotourkz)

Шығыс Қазақстан облысында - Мұзтау тауына тағы да сегіз күндік тур ұйымдастырылады. Ол Алтай тауларының ең биік нүктесі, Катун жотасының тәжі, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енгізілген және альпинистерді, суретшілерді, фотографтарды және эзотериктерді әрдайым қызықтырмай қоймайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуры Казахстан, Алматы (@velotourkz)

Ассы-Бартоғайдағы ең танымал тау велосипед жолы екі күнде 70 шақырым жол жүруге, Түрген шатқалына, Ассы үстіртіне және Бартоғай көліне баруға мүмкіндік береді.

Төрт күннен кейін Алматыдан алты мыңдық аңғары орналасқан Баянкөл шатқалына сапар шегуге болады. Орталық Тянь-Шаньның солтүстік бетінде орналасқан және бастаудан Текес алқабына шығатын жеріне дейін созылып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуры Казахстан, Алматы (@velotourkz)

Қиындығы орташа деңгейден жоғары, Алматы облысының Ескелді ауданындағы Жоңғар Алатауының тауларында Қора өзенінің шатқалында орналасқан Қазақстандағы ең биік сарқырама - Бұрхан-Бұлаққа үш күндік тур бар. Бірінші күні Қора өзенінің шатқалына түспес бұрын таулы үстіртке дейін 25-30 шақырымды еңсеру керек. Екінші күн шатқалға түсуден басталады, одан кейін 15 шақырымдай жол бойымен сарқырамаға дейін жүру керек, серуендеуге және суретке түсуге уақыт бөлінеді, содан кейін лагерьге оралу керек. Үшінші күні - Алматыға дейін 30-35 шақырым жол.

Ұйымдастырушының айтуынша, олар тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де бағыттар ұйымдастырады. 2015 жылдан бері команда Қырғызстанға гастрольдік сапарлар ұйымдастырып келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуры Казахстан, Алматы (@velotourkz)

Ярославтың айтуынша, көршілес екі ел арасында велоспортта айырмашылықтар бар. Мысалы, Қырғызстанда глампинг пен кемпинг сияқты аймақтар бұрыннан бар, сондықтан жақсы дамыған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вело и горнолыжные туры (@velokoldun.kz)

Мұнда басқа компаниялар ұйымдастырған велосипед турларының мысалдары келтірілген.

"Үш каньон" туры төрт күндік сапарды қамтиды. Туристер Көкпек асуы арқылы Бөгеті тауларына өтіп, Темірлік пен Шарын өзендерінің сағасына және Темірлік өзені шатқалындағы шаған тоғайына, Торайғыр алқабына барады, ол жерден Шарын шатқалы мен Бартоғай су қоймасындағы "Қамалдар алқабының" әдемі көрінісі ашылады.

Кезекті велотур аясында Сіз Түрген, Ассы қыраты, Ашық дала үстірті, Жіңішке өзені, Алғабас, Талды, Жылы Сай, Шарын шатқалында, Қазақстанның ұлттық саябақтарында велосипедпен жүре аласыз. Алтын Емел ұлттық саябағы, Ақ Тау таулары және Әнші құмтөбелер.

Күрделі жолдар да бар. Мысалы, биікте жатқан Хан-Тәңірі шыңына саяхат ауа-райының қолайсыз жағдайында өтеді.

Экзотикалық турлар да бар. Мәселен, қазақстандық компаниялардың бірі түйеқұстармен бір күндік велотур ұсынады. Ұйымдастырушылар африкалық түйеқұстардың қатысуымен өтетін экскурсия туристерді жаңа эмоциялар мен тамаша әсерлерге бөлейді деп уәде етеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maxim Sotnikov (@maximsotnikovkona)

Алматылық Максим Сотников Қазақстанда және шетелде түрлі жарыстарға қатысқан кәсіби спортшы. Қалада жүрсе де күн сайын велосипедпен кем дегенде 50 шақырым жүруге тырысады.

"Велотуризм жан-жағыңды байыппен тамашалауға мүмкіндік береді, себебі басқа көлік түрлеріне қарағанда, жылдамдығы аз. Ең кереметі - өзіңді еркін сезіну. Сізді тек өзіңіз ғана тоқтата аласыз. Бәрі өзіңізге байланысты. Тек өзіңізге ғана бағынышты екенін сезінгенде, еркіндік пайда болады, ол керемет көңіл-күй сыйлайды. Қай жерге тоқтағыңыз келеді, тоқтайсыз, қайда түнегіңіз келсе, түнейсіз. Барлығы өзіңізбен бірге, сондықтан бір жерге байланып қалу мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл - спорт. Күніне 200-300 километр жүру қызығушылық тудырмай қоймайды. ", - дейді спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maxim Sotnikov (@maximsotnikovkona)

Сотников Алматыдан Алакөлге, Бішкекке және Ыстықкөлдің айналасына барған, бірақ бәрібір адамдар мен көліктер жүрмейтін тау бағыттарын жақсы көреді. Ал Қазақстанда велотуризм, оның айтуынша, нашар дамыған.

 "Жолдарда іс жүзінде еш жерде жол жиегі жоқ, сондықтан сізге өз тәуекеліңізге қарай асфальтпен жүруге тура келеді. Тау бағыттары мен далалық бағыттарға келетін болсақ, олар Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда да шоғырланған. Олар сол жерге тән. Сол Қырғызстандағыдай 10 күнге бара алмайсың. Ол таулы ел, тау инфрақұрылымы дамыған: ол жерде асфальтқа түспей-ақ тауда бір ай жүруге болады. Ал бізде жерді меншіктеп алғанды жақсы көреді, шлагбаумдар орнатады. Кіру үшін төлеуге ақша керек. Толық еркіндік жоқ.

Сондықтан велотуризмді дамыту үшін барлығын мемлекеттік деңгейде шешу керек. Жақын болашақта бұл жолды біреу ұстануы екіталай. Сол Қырғызстанның тауында қазірдің өзінде шетелдіктер көп. Оларды "жабайы" табиғат қызықтырады, оларға бесжұлдызды қонақүйлер қажет емес. Ал көбіне барлығы Қазақстанға емес, Қырғызстанға барады, өйткені ол жақта туризмнің болашағы зор. Ол жерде тіпті асфальтталған жолдар да бар, жол жиегмен қауіпсіз жүруге болады", - дейді Максим Сотников.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maxim Sotnikov (@maximsotnikovkona)

Қауіпсіздік шаралары

Белсенді велошабандоздар өз бетімен сапарға шығарда бағытын алдын ала ойластыруға, аймақтарды мұқият зерттеуге (соның ішінде улы өсімдіктер мен жабайы жануарлар туралы танысу), жақындарын осы бағытпен таныстыруға, жабдықтауда ашық түсті элементтерден аулақ болуға, және жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, жол-жөнекей жолаушы алмауға тырысыңыз.

Ұзақ сапарларда нұсқаушы шақырып, топпен барған дұрыс. Жаңадан бастаушылар үшін қиын бағыттарды таңдамаған жөн.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуризм по Средней Азии (@velotourasia)

Велотуризм түрлері

Велосипед жолдарының қиындық деңгейлері бар. Олардың алтауы күрделі, біреуі оңай. Олардың барлығы реттелген, нормасы клубына қарамастан бірдей болып келеді.

"Велосреда" жазғандай, күрделіліктің I санатындағы бағытты, ең массивті, асфальтталған жолдарға салуға болады. Бұл ретте саяхатшылар жолда кемінде алты күн болуы керек, кем дегенде 250 шақырымды, оның ішінде 50 шақырымнан кем емес қара жолды еңсеру керек, ал жалпы көтерілу кемінде бір шақырымды құрайды.

VI санаттағы ең қиын бағыт Velomasterclass.ru сипаттамасына сәйкес, құмды немесе батпақты аймақтары мен ормандары бар кемінде 500 шақырым күрделі жолдарды, сондай-ақ, кем дегенде бір өткелмен жазықтағы су кедергілерін қамтиды. Олар болмаған жағдайда - асфальтталған жолдарда кемінде 800 километр, таулы жерлерде қара жолдармен кемінде 250 шақырым жүру керек. Жалпы көтерілу қара жолдарда кемінде 12 шақырым немесе асфальтталған жолдарда 20 шақырым, сондай-ақ, кем дегенде бір категориялық асуды немесе өткелмен өзенді еңсеру кіреді. Бұл ретте туристер жолда кемінде үш апта уақытын өткізеді.

Алтыншы деңгейден өткен велошабандоз спорт шебері немесе велоспорт нұсқаушысы атағына өтініш бере алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВЕЛОТУРЫ И ВЕЛОПУТЕШЕСТВИЯ (@veloclub.kz)

Велосипед сапарларының ұзақтығы да әртүрлі болуы мүмкін.

Бір күндік велосаяхатта еш жерге түнемейді. Әдетте, таңертең шығып, сол күні кешке келеді.

Демалыс күндері жорық - бұл әдетте сенбі күні таңертең шығып, жексенбі күні кешке келетін бір түндік сапар.

Көп күндік велосаяхат - түнеумен бірнеше күнге созылатын велосаяхат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуризм по Средней Азии (@velotourasia)

Сонымен қатар, велотурлар гидтің көмегімен немесе өз бетінше ұйымдастырылуы мүмкін.

Жетекшісіз саяхаттар көбінесе өз бетінше ұйымдастырылады және велотурдың әрбір қатысушысынан белгілі бір міндеттемелерді талап етеді.

Велосипедпен экскурсия оның барлық қатысушыларына табиғат аясында демалуға және гидке толығымен сенуге мүмкіндік береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Велотуризм по Средней Азии (@velotourasia)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная