Қазақстандағы курорт "әлемдегі ең бақытты орын" тізіміне кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/ktphotography © pixabay.com/ktphotography

Casago компаниясы әлемдік зерттеу жүргізіп, туристтерде ең позитив эмоция тудыратын көрнекі орындардың рейтингін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Digg басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Casago компаниясы әлемдік зерттеу жүргізіп, туристтерде ең позитив эмоция тудыратын көрнекі орындардың рейтингін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Digg басылымына сілтеме жасап.

Әлемнің 100 еліндегі түрлі көрнекі орындардың мыңдаған суреттерін саралай келе зерттеушілер "бақыт индексін" анықтады деуге болады.

Зерттеу туристердің пікірлері, брондау сайттарында жарияланған нысандарды бағалау, көліктің жете алуы, қауіпсіздік деңгейі мен Instagram желісінде қанша рет айтылғанына негізделген. Зерттеу саяхатшылардың эмоциялары негізінде жасалды, мамандар оны адамның бет-келбеті мен күлкіні тану технологиясы арқылы мәліметке айналдырды.

Рейтингтің бірінші бестігі: Гондурастағы Манаваки эко-табиғи паркі, Триндад және Тобаго еліндегі Тобаго таулы үстіртіндегі басты қорық, Гондурастағы Гумбалимба паркі, Бразилиядағы ботаникалық бақ және Перудегі "Инктер соқпағы".

Бұл тізімге Алматы тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны - "Медеу" мұз айдыны да кіріпті. Бірақ рейтингте ол Medeu Skating Rink and Ski деп белгіленіпті, бұл Шымбұлақ тау шаңғы курортын да қоса білдіреді.

Айта кетейік, Шымбұлақ әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы баурайы ретінде Гиннесс рекордтар ктабына енген болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная