Қазақстандық Африканың ең биік нүктесінде күй шертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қазақстандық әлеуметтік желілерді таңғалдырды: ол Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро тауында домбырады әйгілі шығарманы орындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әлеуметтік желілерді таңғалдырды: ол Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро тауында домбырады әйгілі шығарманы орындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

27 жастағы астаналық домбырашы Әлібек Қайырбек Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро тауының шыңына (5895 метр) шығып, қазақтың аңызға айналған "Адай" күйін орындады. Экспедиция 2025 жылдың 6-11 қаңтары аралығында өтті, ал қазақстандық 11 қаңтарда таңертең Ухуру шыңына жетті.

"Бір сұрақ: мұндай суықта саусақтары қалай қимылдайды?", "Әлібек – біздің мақтанышымыз", "Қазақстанды танытып жүрсің, жарайсың", "Мақтан тұтамыз", – деп жазды пікір қалдырушылар.

Бұл – Әлібектің алғашқы жетістігі емес. 2024 жылдың тамызында ол Еуропаның ең биік шыңы – Эльбруста күй орындаған. Қазақстандық жігіт алдына үлкен мақсат қойған – "Әлемнің жеті шыңына" шығып, әр шыңда қазақтың күйлерін орындау арқылы ұлттық мәдениетті әлемге таныту.

Әлібек Килиманджаро шыңында өзінің тобындағы мүшелерге шағын дәріс-концерт өткізген. Қазақстаннан естелік ретінде әрбір қатысушыға ұлттық рәміздер бейнеленген шоколад пен домбыра пішініндегі шағын магнит сыйға тартқан.

"Олар қазақ домбырасының үнін үлкен қызығушылықпен тыңдап, Қазақстанның музыкалық дәстүрлерімен танысқанына қуанды. Мұндай қадамдар біздің мәдениетімізді танытып қана қоймай, әртүрлі елдердің жүрегінде Қазақстан туралы жылы естелік қалдыруға көмектеседі деп сенемін", – деп атап өтті Әлібек.

Қазір Әлібек Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Ұлттық театрда әртіс болып жұмыс істейді.

"Мен кәсіби альпинист емеспін, тек әуесқоймын. Кәсіби альпинистер өмірінің көп бөлігін тауларда өткізеді, ал мен Астанада тұрамын және осы жердегі мүмкіндіктерді пайдаланып дайындаламын. Маған ең жақын таулар – Алматыда, сондықтан қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға тырысамын.

Менің жалғыз кеңесім – батыл мақсаттардан қорықпаңыз. Таулар тек физикалық дайындықты ғана емес, сондай-ақ моральдық табандылықты талап етеді. Сіз кәсіби маман болмасаңыз да, бастысы – ниет пен табандылық", – деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная