Танымал қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко жаңа суреттерін бөлісті. Кадрлар көпшіліктің назарын аударып, БАҚ қызығушылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұл жолы автор Алматы маңындағы алаңды тапқан. Доценко бұл кадрларын Instagram-парақшасында жариялады.
"Бұл лаванда да, Прованс та емес – бірақ көрініс дәл сондай. Алматы маңындағы кәдімгі көкшешек. Мұндай гүлдер алаңын алғаш рет көріп тұрмын – бұл жаздың көркі. Өсімдік маусымның ортасынан шілденің ортасына дейін гүлдейді", – деп жазды ол.
Бұл суреттердің нақты қашан және қайда түсірілгенін білу үшін Дмитрий Доценкомен сөйлестік. Ол маусымның аяғында, Алматыдан алыс емес жерде, фотоаппаратпен түсіргенін айтты.
"Атмосферасы шынымен ерекше: тыныштық, жел, көк толқындар. Расымен Прованс сияқты. Францияда болмадым – Қазақстанның сұлулығына ден қойғанмын, сондықтан Провансты көру арманым жоқ", – деді фотограф.
Доценко бұл даланың нақты орнын айтпауды жөн көрген. Түсірілім таңғы сағат алтыда өткен, сол уақытта ол жерде ешкім болмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Прованс – Францияның оңтүстік-шығысындағы көркем өңір, ол лавандалы алаңдарымен әйгілі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!