Қазақстандық әуекомпания Ресейдің тағы бір қаласына рейстерді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстандық Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясы Астана мен Омбы арасындағы рейстерді уақытша тоқтатты. Шектеулер 2026 жылғы 9-20 шілде аралығында қолданылады, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рейстердің тоқтатылу себебі

Әуекомпания бұл шешімнің қауіпсіздік мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

"Vietjet Qazaqstan Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының белсенділігі тіркелуіне байланысты 2026 жылғы 9 шілде мен 20 шілде аралығында Астана – Омбы – Астана бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Аталған бағыт бойынша билеттерді сату 2026 жылы тамыздың аяғына дейін тоқтатылды", - делінген тасымалдаушы хабарламасында.

Шектеулер енгізілгенге дейін әуекомпания бұл бағыт бойынша күніне екі рет - таңертең және кешке рейс орындап келген еді.

Жолаушыларға не ұсынылды?

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылды.

  1. Біріншісі - тасымалдаудың барлық трансферлік бөліктерін қоса алғанда, әуебилеті құнын ешқандай ұстап қалусыз толық қайтару.
  2. Екінші нұсқа 14 шілдеден бастап қолжетімді болады. Жолаушылар Петропавл арқылы баламалы маршрутты пайдалана алады: алдымен Астанадан Петропавлға ұшып барып, одан әрі Омбыға дейінгі жолды арнайы ұйымдастырылған автобуспен жалғастырады. Дәл осындай схема кері бағыт үшін де қарастырылған.

Компания автобустағы орындар саны шектеулі екенін нақтылады. Осы нұсқаны таңдаған жолаушыларға әуекомпанияның болашақ рейстері үшін қосымша 10 мың теңгенің ваучері беріледі.

Баламалы маршрут қалай жұмыс істейді?

Жарияланған кестеге сәйкес, Астанадан ұшу сағат 8:00-ге жоспарланған. Ұшақ Петропавлға 9:20-да қонады, содан кейін сағат 10:30-да жолаушылар автобуспен Омбы әуежайына жеткізіледі.

Кері бағытта автобус Омбы әуежайынан түнгі 00:00-де аттанады. Петропавл әуежайына болжамды келу уақыты - 8:00, содан кейін жолаушылар сағат 9:45-тегі рейспен Астанаға ұшып, Қазақстан астанасына 11:00-де жете алады.

Жолаушылар сұрақтар бойынша +7 727 356 14 14 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласа алады. Сондай-ақ өтініштер info@vietjetqazaqstan.kz электрон поштасы арқылы қабылданады.


Жарнама
Жарнама