Қазақстандық әуекомпаниялардың жолаушылар тасымалы екі есе артты

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2020 жылмен салыстырғанда қазақстандық әуекомпаниялардың жолаушылар тасымалы екі есе артты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылмен салыстырғанда қазақстандық әуекомпаниялардың жолаушылар тасымалы екі есе артты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті. 2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96 пайыз артып, 5,1 миллион адамға жетті.

2020 жылдың осы кезеңінде 2,6 миллион адам, ал 2019 жылы 4,6 миллион адам болған. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58 пайызға артып, 8,1 миллион адам болды.

Реклама
Реклама

Ішкі рейстерден бөлек қазақстандықтарға мынадай халықаралық тікелей рейстер қолжетімді:

Түркия - аптасына 52 рейс;
БАӘ - аптасына 31 рейс;
Өзбекстан - аптасына 32 рейс;
Ресей - аптасына 10 рейс;
Грузия - аптасына 12 рейс;
Қырғызстан - аптасына тоғыз рейс;
Беларусь - аптасына сегіз рейс;
Украина - аптасына бес рейс;
Германия - аптасына тоғыз рейс;
Тәжікстан - аптасына екі рейс;
Оңтүстік Корея - аптасына екі рейс;
Мысыр - аптасына екі чартерлік рейс;
Нидерланды - аптасына бір рейс;
Черногория - аптасына жеті рейс;
Польша - аптасына бір рейс;
Армения - аптасына бір рейс.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная