Қазақстандық әуекомпанияның ұшағы күтпеген жерде көзге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

АҚШ-тың Финикс қаласында түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда қазақстандық әуекомпанияның логотипі бар ұшақ көрінеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Финикс қаласында түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда қазақстандық әуекомпанияның логотипі бар ұшақ көрінеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бейнежазбаны жариялаған қазақстандық бұл көріністің тосын болғанын айтты. Ол Air Astana ұшағының Аризонада қалай жүргеніне таңғалған.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары түрлі болжам айтқан: біреулер ұшақ авиатехника "зиратына" қойылған десе, енді бірі оны қайта сату немесе жүк ұшағына айналдыру үшін дайындап жатыр деп топшылаған.

Tengri Travel бұл жағдайға қатысты Air Astana әуекомпаниясынан пікір алды. Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, бұл ұшақ бұрын Air Astana флотында болған, алайда 2020 жылдың желтоқсанында лизинг берушіге қайтарылған. Содан бері әуекомпания оны пайдаланбайды және оның қазіргі орналасуы мен болашақ тағдырына жауапты емес.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная