Қазақстандық әйел рейсінің "түсініксіз тоқтатылуына" шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жолаушы қазақстандық әуе компаниясының үстінен шағымданып, Алматы-Астана рейсінің ескертусіз тоқтатылғанын айтты. SCAT баспасөз қызметі шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жолаушы қазақстандық әуе компаниясының үстінен шағымданып, Алматы-Астана рейсінің ескертусіз тоқтатылғанын айтты. SCAT баспасөз қызметі шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бойжеткен әлеуметтік желідегі парақшасында 18 желтоқсанда ұшып шығуы тиіс Алматы-Астана рейсі туралы айтып берді.

"Алғашында рейс 22:30-ға жоспарланған, кейін 00:40-қа ауыстырылды, содан кейін тоқтатылды", - деп жауап берді қазақстандық әйел тілшінің нақтылау сұрағына.

Редакция тілшісі жағдайға байланысты қазақстандық әуе компаниясының баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.

"Кестедегі өзгерістер Алматыдағы қолайсыз ауа райы байланысты болды. Жолаушыларға алдағы күндерге қайта брондау мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, маршрутты өзгерту (қажет болған жағдайда) немесе рейс құнын 100% қайтару ұсынылуы мүмкін", - деп жауап берді SCAT өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная