Қазақстандық блогердің видеосы жапондарды тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @adilet_rakhmetolla Фото @adilet_rakhmetolla

Өнер адамдары өз әріптестерінің өнерін бағалауға шебер келеді. Себебі олар жан дүниесімен, шығармашыл көзқарасымен үнсіз байланысып жатады. Қай ұлт өкілі болмасын, өзге елдің өнерін барынша шынайы бағалайды. Солардың бірі - жапониялық әнші-сазгер Терада Риохей. Күншығыс елінің тумасы қазақстандық видеограф Әділет Рахметолланың туындысын бөлісіп, өнерпазды қолдады. Әділеттің жабайы табиғаттың сұлулығын паш еткен қызғалдақтар видеосын бір миллионнан аса адам қарады. Әділеттің Instagram желісінде парақшасына бір күнде 10 мыңнан аса жапониялық жазылған. Бұл бір жағынан оның оқырманы көбейгенін, екінші жағынан шетелдіктердің Қазақстан туралы білуіне үлкен сеп болды. Блогердің арманы да сол еді - өзге жұртқа өз атамекенінің сұлулығын көрсетіп, турист тарту. 


Иконка комментария блок соц сети

Өнер адамдары өз әріптестерінің өнерін бағалауға шебер келеді. Себебі олар жан дүниесімен, шығармашыл көзқарасымен үнсіз байланысып жатады. Қай ұлт өкілі болмасын, өзге елдің өнерін барынша шынайы бағалайды. Солардың бірі - жапониялық әнші-сазгер Терада Риохей. Күншығыс елінің тумасы қазақстандық видеограф Әділет Рахметолланың туындысын бөлісіп, өнерпазды қолдады. Әділеттің жабайы табиғаттың сұлулығын паш еткен қызғалдақтар видеосын бір миллионнан аса адам қарады. Әділеттің Instagram желісінде парақшасына бір күнде 10 мыңнан аса жапониялық жазылған. Бұл бір жағынан оның оқырманы көбейгенін, екінші жағынан шетелдіктердің Қазақстан туралы білуіне үлкен сеп болды. Блогердің арманы да сол еді - өзге жұртқа өз атамекенінің сұлулығын көрсетіп, турист тарту. 

Видео Жапонияда қалай тарап кетті? Әділеттің мұны білген кездегі эмоциясы қандай болды және неге қызғалдақтарды түсірді? Осы және өзге де сұрақтың жауабын жас маман Кaz.tengritravel.kz тілшісіне айтып берді.

Әділет Рахметолла әрдайым еліміздің әдемі аймақтарын түсіріп, жариялап тұрады. Соңғы жариялаған видеоларында ол Жамбыл облысының ауылдарын, даласын түсірген. 

"Осыдан екі күн бұрын Алматыда жүрген кезімде адамдар көп жазыла бастады. Қайдан келіп жатыр бұлар деп таңғалдым. Сөйтсем бәрі дерлік жапондар екен. Фейк пе деп ойлап қалдым. Түсінбедім. Сөйтіп шыдамай екі-үш адамға жаздым. "Қайдан келдіңіз, мен туралы қайдан естідіңіз" деп сұрадым. Сосын маған Twitter желісінен бір постқа сілтеме жіберді. "Сол жерде сіздің аккаунтыңыз көрсетілген. Содан келіп жатырмыз. Жұмыстарыңыз керемет екен" деп жазды. Терадамен хабарласпадым. Бірақ Instagram желісінде парақшасына жазылып қойдым. Ал ол маған бұрыннан жазылған екен. Бақылап жүрген шығар деген ой келді. Мені қайдан тапқанын сұрамадым. Өзі азиятанушы не өнер адамы болса керек", - дейді блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

Видеоблогер қызғалдақты түсіру үшін біраз жерді шарлағанын айтады.

"Не себепті Меркі дегенде... Мен былтыр Алматы облысынан шыққан кезде жол бойынан жабайы қызғалдақтарды көргем. Биыл да солар шықты ма екен деп бардым. Бірақ жабайы қызғалдақтар шықпаған. Меркіде шыққанын естідім. Қасымда інім болды. Сөйтіп ойда жоқ та, шығып кеттік. Тікелей Меркіге тарттық. Бара жатқанда түрлі ой келді. Қызғалдақтар тізіліп тұрса ғой, оның үстіне сол жерде бір ат болса ғой деп көз алдыма елестетіп бардым. Жылқы жайылып жүрсе ғой деген неше түрлі ой болды. Содан жолдан төмен түссем қып-қызыл "кілем" кездесті. Барсам мен ойлағандай қойшылар жүр екен. Қойларды түсірдім. Сосын қойшы кісіні итімен бірге шапқызып, кадр алып, ойлаған видеомды түсірдім. Қайтып келе жатып жылқыларды түсірдім. Сосын мен ойлаған, армандаған кадрдан да асып, әдемі дүние түсірілді", - дейді Әділет. 

Елімізде айтарлықтай танымал болған видеограф осымен тоқтап қалмай басқа да елдердің азаматтарын қызықтырып, шетелдіктердің Қазақстанға турист болып келуі үшін өз елін жарнамалай беруден жалықпайтынын жеткізді. 

"Қызғалдақ түсіру тренд болғанда оған тренд деп қарап жатқаным жоқ. Мысалы, Жапонияда сакура гүлдейді. Ол кәдімгі үлкен мереке. Сол кезде ол жаққа бір ай ішінде туристер ағылады. Бізде де жарты ай немесе бір айдай қызғалдық әдемі болып гүлдейді, табиғат жайқалады. Неге соны түсіріп, басқа елдерді тәнті етіп, паш етпеске?! Қазақстанда қызғалдықтың көп түрі тараған. Неге солай туристерді тартпасқа? Сондықтан қызғалдақты қашан түсіремін, қашан шығады деп күтіп жүріп, түсірдім. Өзі Меркі жақта көп өседі. Алматы облысында да қызғалдақтар болды. Бірақ оның жан-жағында үйлер, бағаналар болды. Ал мен жазыл далада ен бойына жайқалып тұрған, жабайы, ешкім жоқ жердегі сұлулықты түсіргім келді, - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

Видеограф өз арманымен бөлісіп, жиі айтылатын сын туралы пікір білдірді. 

"Жарты күнде 5 мыңнан аса адам жазылды, содан кейін жалпы 10 мыңнан аса жапониялықтар жазылды десем болады. Аккаунтым бір күнде 10 мың жазылушыдан асты. Мен үшін ол - жетістік. Өйткені Қазақстанға жапониялықтар, жалпы бүкіл әлемнен туристер ағылса екен деген арманым бар. Қазақстанды көріп тамсанса екен деп ойлаймын. Кейде оқырмандар арасынан "неге видеоға қазақша ән қоймайсың" деп жазып жатады. Бірақ мен видеоға сәйкес келетін, көңілімнен шығатын әдемі ән іздеймін. Қай елдің болса да. Мысалы соңғы видеомда үндістандық ән қойдым. Сосын Үндістанға таргетке қойдым. Енді үндістандық оқырмандарым бар, олар Қазақстан туралы біліп, жазып жатыр. Пәленбей миллион үндістандық келіп жатса, қанекей. Олар "Қазақстан деген керемет ел екен" деп жекеме де жазады. Оның үстіне өз отандастарымның арасынан да Қазақстанның табиғатын жақсы көріп, елін сүйетін жастардан "жеріміз қандай тамаша екен, қадірін білмей жүр екенбіз" деп көп хат келеді. Олардың арасында шетелде оқитындары да бар. Сол жақта жүріп, шетелдіктерге аккаунтымды көрсететінін айтатындар бар. Соның өзі - мен үшін үлкен қуаныш", - дейді Әділет Рахметолла.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ryohei Terada (@terada_ryohei)

Қаралымы 800 мыңға жуықтады, бұл сіздің рекордыңыз ба?

Бұл қаралым Жапонияда 800 мыңға жетіп ақалды. Қазақстанда емес, сол шетелде. Ол кәдімгідей рекорд. Қазақстанда менде ондай қаралым болмаған. Салыстырып айтсам, еліміздегі қаралым 268 мыңға барды. Жалпы орташа қаралым 350-400 мыңға дейін жетті. Енді оны миллионнан аса адам көрді деп ойлаймын. Whats App желісі арқылы да тарады, You Tube желісінде де жарияланды, басқа пабликтер де жарыса салып жатты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная