Белгілі қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Ол өз пәтерінің балконынан 14 шақырым қашықтықтағы Үлкен Алматы шыңына шыққан достарын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ерекше кадрларды фотограф Instagram-парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Доценконың айтуынша, бұл идея бірнеше жыл бұрын туындаған. Бұған дейін ол дәл осы шыңда мұндай тәжірибені өзі жасап көрген. Бұл жолы сол экспериментті қайталап, достарын түсіріп алуды жөн көрген.
Желі қолданушылары фотографтың туындысына тамсанып, түрлі пікір қалдырған.
"Міне керемет, тосын кадр болды", "Керемет видео үшін рақмет, өте әдемі шыққан", "Керемет", - деген қолданушылар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!